Жаңалықтар

Дін саласының мамандары "Бес әлеуметтік бастаманы" талқыға салды

ашық дереккөзі

Дін саласының мамандары "Бес әлеуметтік бастаманы" талқыға салды

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау және түсіндіру бойынша студент жастармен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік.Арын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С.Ораз, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ Геннадий, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты. Б.Арын өз сөзінде «Бес әлеуметтік бастама» тікелей жастарға бағытталғандығына нақтылай тоқталды. «Бұл бастама Президентіміздің серпінді ұсынысы, жас отбасыларға тұрғын үй алуға, жастардың жалақысын көтеруге, сапалы және қолжетімді білім беруге, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Елбасының бес әлеуметтік бастамалары еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ал, бұның барлығы тұрақтылық орнаған мемлекетте ғана жүзеге аспақ. Ел дамуының негізі - мемлекет тұрақтылығы. Кез-келген елдің тұрақты дамуының басты кепілдігі оның бейбіт жағдайда тіршілік етуі екені белгілі. Яғни, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мемлекеттер ғана қарқынды даму жолына іліге алады»,– деп атап өтті».