Бойжеткен туған күнінде лотереядан өмірінің соңына дейін жететін ақша ұтты

Бойжеткен туған күнінде лотереядан өмірінің соңына дейін жететін ақша ұтты

Бойжеткен туған күнінде лотереядан өмірінің соңына дейін жететін ақша ұтты
ашық дереккөзі
Канадалық бойжеткен лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды. Бұл туралы BBC News хабарлады.  Шарли Лагарде кәмелет жасқа толғанын тойламақ болып бір бөтелке шампан мен лотерея билетін сатып алып, жеңімпаз атанды. Қызға 2 нұсқа ұсынылды: бірден 1 миллион канадалық долларын алу немесе өмірінің соңына дейін апта сайын 1000 канадалық доллар иелену. Шарли қаржы кеңесшісімен ақылдаса келе аптасына 1000 канада долларын алатын болды. Ол бұл ақшаны саяхаттау мен білім алуға жұмсайтынын айтты. “Мен фотографтың оқуын оқығым келеді. Менің арманым – журналдарға саяхат туралы суреттер түсіру”, – дейді ол.