Ертістің мұзын жару кезінде тұрғын үйлерге зақым келді

Ертістің мұзын жару кезінде тұрғын үйлерге зақым келді

Ертістің мұзын жару кезінде тұрғын үйлерге зақым келді
ашық дереккөзі
Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов мәлімдеді. Қаладағы су тасқынынан зардап шеккен  тұрғындарға келтірілген залалды есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Қаланы үшінші күн  су басып жатыр. Кеше  Бобровка саяжайы мен Затон аумағындағы Лодочная, Краевая көшелері су астында қалған болатын. Тұрғындар қауіпсіз жерге әлі де көшірілуде. Соңғы ресми мәліметтерге қарағанда, 200-ден астам үйді су басқан. Қауіпті сейілту үшін «Востоквзрывпром» мекемесінің мамандары жару жұмыстарын іске асыру үстінде. Бұл жұмыстар жалғасады. «Жағдайды тікұшақпен бақылап шыққаннан кейін өзенде жару жұмыстарын жүргізу керектігін шештік. Жарылыстың қуаты күшті. Егер қуат мөлшері аз болса, біз қажетті нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл жұмыстар жасалмаса, қалаға төнер қауіп еселенеді. Сондықтан мұзды жасанды жолмен жарып жатырмыз. Қазір мұздың қалындығы 120 см. Осыған байланысты жарылғыш заттың қуаты белгіленді. Жұмыстар кезінде бірнеше тұрғын үйге зақым келді. Оның барлығы өтеледі»,- деді қала әкімі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ертіс өзенінде мұзды жару жұмыстары кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері сынып, бір адам жарақаттанған болатын. 29 наурыздан бастап қалада жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режімін енгізу туралы шешім қабылданды.