Кремль АҚШ дипломаттарын елдеріне қайтармақ

Кремль АҚШ дипломаттарын елдеріне қайтармақ

Кремль АҚШ дипломаттарын елдеріне қайтармақ
ашық дереккөзі
Кеше Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Санкт-Петербургтегі АҚШ консулдығы жабылатынын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Ресей дипломаттарын қуған АҚШ және басқа елдерге жауап ретінде олардың да дипломаттары кері қайтарылады. Бірер күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік 60 дипломатты еліне қайтарып, Сиэтлдегі Ресей консулдығын жабуға пәрмен берген. Мұндай шараларды Еуропаның бірнеше мемлекеті де қабылдаған. Германия, Франция және Польша ресейлік төрт дипломатты, Чехия, Литва және Молдова үш дипломатты елден шығаратынын мәлімдеген. Испания, Нидерланд, Дания және Италия екі дипломатты "персона нон-грата" деп жариялаған. Болгария Ресейдегі елшісін кеңесуге шақыртып алды. Украина ресейлік 13 дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді.