Жаңалықтар

Қырғызстан: Наурыз нақыштары

ашық дереккөзі

Қырғызстан: Наурыз нақыштары

Биылғы наурыз айы айрықша болды. Ай ортасында Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан басшылары бас қосып, Наурыз мерекесіне орай бірлескен мәлімдеме жасаған. Бірлескен мәлімдемеде Наурыз мейрамының аты аталған елдерді біріктіретін мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптейтіні, ата-бабадан қалған ортақ мерекені дамыту қажеттігі айтылды. Биылғы жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қырғыз елінде де ерекше атап өтілді. Осы ретте Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы Наурыз мейрамынан оқырмандарымызға фоторепортаж ұсынғанды жөн көрдік. Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып Кәрім Көкірекбаев тағайындалды. Өз қызметіне кіріскен елші Наурыз мейрамын тойлауда ұлттық дәстүрімізге басымдық берді. Бішкек. Алатау алаңындағы Наурыз мерекесінде. Ұмай ана арша түтетіп, «Алас, алас...» айтуда. Наурыз мейрамын тойлауға Қырғызстан халық ассамблеясы құрамындағы ұлттық орталықтар түгел қатысты (қырғыздар, өзбектер, күрділер, сахалар).  

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі