Көлік министрлігі құрыла ма?

Көлік министрлігі құрыла ма?

Көлік министрлігі құрыла ма?
ашық дереккөзі
  «Ата­­­­мекен» ҰКП көліктік логистика бо­йын­­­­ша қосалқы комитетінің төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, елімізде жүк тасымалының ұл­ғаюмен кәсіби жүк тасымалдаушыларға де­ген сұраныс арта түседі. Орталық коммуникациялар қызме­тін­­де Қазақстан транспорттық-логис­ти­ка­лық инфрақұрылымын қолданудың тиім­­ділігін арттыруға арналған баспасөз кон­­ференциясы өтті. Жиынға «Қоғам­дық ау­дит» Ұлттық серіктестік платфор­ма­­сы­ның қауымдастық төрағасы Мұрат Әбе­­нов, «Транс-LOGISTICS Казақстан» транс­­порттық іскерлік журналының бас-ре­­дакторы Жанна Исингарина, «Қа­зақ­стан Темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның вице-президенті Санжар Елу­баев және Қазақстанның KAZLOGISTICS Көлік қызметкерлері Одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов қа­тыс­­ты. Ерхат Есқалиев ескі менталитетті өз­гер­­тіп, алыс жерге тауар таситын көлік жүр­­гізушілерін даярлау жұмысын қолға алу қажет екенін ескертті. Өйткені ел аза­­мат­тары көлік жүргізіп, жұмыс жа­сауды бойы­на ар санайтын тәрізді. – Ашығын айту керек, бүгінде жүк та­­сымалы саласында жұмыс істейін кө­лік жүр­гізушілерінің жартысы – бе­ларус, лит­валық және тағы басқа елдің аза­­маттары. Олардың арасында қазақ­стан­­дық­тар аз. Неге? Осы мәселені зер­делеп көр­дім. Оның басты себебі – мен­та­ли­тет­те. Кеңес кезінде осы салада өзге ел­дер­дің азаматтарынан құралған «клон­­дайк» қалыптасты. Сосын қа­зақ­­стан­­дық­тар кө­лік жүргізушісін мәртебелі ма­ман­дық деп санамайды. Еуропада олай емес. Әри­не, бір уақытта кәсіби кө­лік жүргізу­ші­­лерінің санын арттыру мүм­кін емес. Де­­генмен осыны іске асыру қа­жет. Се­бе­бі, Қа­зақстан арқылы «Батыс Еу­ропа – Ба­тыс Қытай» сияқты тран­зит­тік жолдар өте­ді. Соның арқасында жұ­мыс­сыздық мә­селесін шешуге мүмкіндік бар, – дейді ол. Оның айтуынша, жақында Білім жә­не ғылым министрлігінде өткен кеңесте кәсіп­керлер кәсіби жүк тасымалдаушы­лар­­ды даярлау мәселесін көтерді. Өз ке­зе­­гінде министр аталған мәселені шешу­ге мүдделі екенін жеткізген. – Былай қарасаң, көлік жүргізушісі куә­­лігін алу үшін көп уақыт та, арнайы бі­­лім де қажет емес. Дегенмен халық­ара­лық тасымалмен айналысатын көлік жүр­гізушісі әрбір елдің заңы мен ереже­сін білуі керек. Сосын көлік құралының өзі қымбат тұрады. Бір жүк көлігінің өзі – 180 мың доллар. Оған тура сондай со­ма­­ға жүк артылады. Ондай шығындарды кез келген сақтандыру жүйесі көтере бер­­мейді. Сондықтан осы санаттағы кө­лік жүргізушілерін даярлау шараларына баса назар аудару қажет, – дейді Е.Исқа­лиев. Ал Қанат Әлмағамбетов көлік ми­нистрлігін қайта құру қажет екенін ай­тады. Өйткені Қазақстанда көлік саласы іш­кі жалпы өнімнің 8 пайызын алып отыр. – Дегенмен аталған көрсеткішті әлі де арттыруға болады. Жақында біз Лит­ва­­да болдық. Ол жақта көлік саласының үле­сі 13-15 процентті құрайды. Біз де осы көр­сет­кішке жетуіміз керек. География­лық жағдайымызды барынша пайда­лануы­мыз қажет. Сөйтіп, жүк тасымалын арт­тыруы­мыз қажет. Бұл істі жүзеге асыру үшін бұрынғы Көлік министрлігін қайта жаң­­ғырту қажет. Ол бізге ауадай қажет. Жері­міз үлкен. Осыны тиімді падаланға­ны­мыз дұрыс, – деді ол.