Дубайдағы ЭКСПО-ға 25 млн адам келе ме?
Дубайдағы ЭКСПО-ға 25 млн адам келе ме?
Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі Дубай шаһарында 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбында, оның ішінде «Мүмкіндік», «Мобильділік» және «Тұрақтылық» деген ұғымдардан тұрады. Ұйымдастырушылар көрмені 25 млн адам тамашалайды деп болам жасап отыр. Айта кетсек, ЭКСПО көрмесі Таяу Шығыста бірінші рет өткізілмекші.
Көрме кешені «үш жапырақ» пішінінде ұсынылған және Біріккен Араб Әмірліктерінің павильоны, сондай-ақ, көрме ұғымдарына сай 3 тақырыптық кластердиаметрі 150 метрді құрайтын «Әл-Васл» плазасы орталық нысанының қасында орналасады. БАӘ павильонының жобасын испандық сәулетші Сантьяго Калатрава, «Мүмкіндік» павильонын – BIG (Bjarke Ingels Group), «Мобильділік» -Foster and Partners, «Тұрақтылық» – Grimshaw Architectsжасады.
ЭКСПО кешенінің жалпы аумағы 438 гектарды құрайды. Оған 150 гектар көлемінде көрме аумағы, сондай-ақ, жерүсті метро стансасы, «Dubai South Mall» сауда орталығы, тұрғын үй, логистикалық және қонақ үй нысандары кіреді. Қазіргі уақытта, «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіне 170 ел қатысатындығын растап, 55 ел келісімге қол қойған.