Полицейлерді планшетпен қамтуға қанша қаржы жұмсалады?

Қазақстандық полицейлерді планшетпен және принтерлермен қамту үшін 776,5 млн теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

«Планшет және принтер» жиынтығы бойынша ең үлкен сома Ақтөбе облысына 207 млн. 480 мың теңгеге 100 комплект бөлінеді. Жақын арада Қаржы министрлігі байқау жариялауы керек.

Алматыдағы құқық қорғау органдарының 2 013 қызметкері хаттамалар жасауда. Жол полициясы патрулі үшін ең аз дегенде қажетті гаджет саны – 415. Қазіргі уақытта Алматы ІІД-де 115 принтер мен планшет жабдығы бар. Жалпы сомасы 153 млн 418 мың теңгенің 700 құрылғысына бюджеттік өтінім мақұлданды. Наурыз-сәуір айларында 700 жиынтық, оның ішінде 67 принтер сатып алу жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысында 119 млн. 779 мың теңгеге 331 жиынтық алу керек. Қазір өтініш қаралу үстінде, мәслихат сессиясы наурызда өтеді.

Қарағанды ​​облысы 128 млн теңгеге 300 планшет пен принтер сатып алуға тендер жариялады.

Атырау облысы 246 планшет және 315 принтер сатып алуға тендер өткізеді. Бұған 68 млн теңге жұмсалады.

Павлодар облысында 1028 планшет пен принтер сатып алу жоспарланған, бірақ бюджеттік өтінім 200-ге дейін қысқартылды. Наурыз айында депутаттар 67 млн теңге бөлу мәселесін шешуі керек.

Алматы облысы 2019 жылы аудандық инспекторларға 1 000 планшет сатып алу жоспарлап отыр. 2018 жылы олар 63 миллион 175 мың теңгеге 250 жиынтықты сатып алады.

Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылы 42 млн теңгеге 208 планшет, 2020 жылы 41,7 млн теңгеге 278 жиынтық сатып алу жоспарланып отыр.

Басқа өңірлермен салыстырғанда, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ерекшеленді. Олар 576 млн 174 мың теңге көлемінде 60 құрылғы сатып алуға бюджеттік өтінім берді. Бұл сома іс жүзінде 17 миллион 460 мың теңге болып бөлінді.

Жамбыл облысы 6 миллион 938 теңгеге 16 планшет мен принтер сатып алады.

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары 107 планшет сатып алуды мақұлдады. Оған 3 миллион 593 мың теңге жұмсалады.

Астанада мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы 1700 планшет пен принтер сатып алынады.

Қостанай облысы 364 жиынтық, ал Оңтүстік Қазақстан облысы 425 планшет сатып алуды жоспарлап отыр. Бөлінетін қаржы көрсетілмеген.

Маңғыстау облысының ІІД 170 планшетті сатып алуға өтінім берді. Әкімдік бюджетті әлі бекіткен жоқ.

 

 

 

Back to top button