"Барселона" Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тігіп отыр

"Барселона" Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тігіп отыр

"Барселона" Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тігіп отыр
ашық дереккөзі
«Барселона»  Қазақстан құрамасының ойыншысы Жуниор Дугласты сатып алуға ниетті. Қазір испаниялық клуб "Қайратпен" келіссөз жүргізуде.  Vesti.kz сайтының хабарлауынша, трансферге екі нәрсе кедергі келтіруі мүмкін. Біріншіден, Дугластың келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған. Екіншіден оның трансферлік құны – 500 мың еуро. Дугласты өз қатарында көргісі келетін тек «Барселона» ғана емес. Бұл қорғаушыға испаниялық «Интер Мовистар» және португалиялық «Спортинг» клубы көз тігіп отыр. TV3 телеарнасының мәліметі бойынша, «Барселона» «Қайратқа» бірінші ұсыныс жасап та қойыпты. Дугластың өзі шетелдік клубтарда өнер көрсетуге қарсы емес екен. 29 жастағы футболшы «Қайрат» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алматылық клубпен ол УЕФА кубогін, Әлемнің суперкубогін, және екі рет Еременко кубогін жеңіп алған. 2015 жылы Дуглас Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Ұлттық құрамамызбен бірге ол 2016 жылы Еуропа біріншілігің қола жүлдесін жеңіп алса, 2018 жылы төртінші орын алып, турнирдің үздік ойыншыларының бірі болды.