«Студенттік көктем-2018» байқауы мәресіне жетті

«Студенттік көктем-2018» байқауы мәресіне жетті

«Студенттік көктем-2018» байқауы мәресіне жетті
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәстүрге айналған «Өнер - әлемінің көктемі» атты «Студенттік көктем-2018» көркемөнерпаздар байқауының ақтық сайысы болып өтті. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен байқауда барлық факультет студенттері өз шеберліктері мен таланттарын көпшілікке паш етті. Бұл сайыс ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы департаментінің ұйымдастыруымен өткен болатын. «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында  өнерпаздар түрлі халық биі, вокал, эстрада, заманауи классикалық би, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сынды өнер түрлерінен бақ сынасты.   Бұл жолы да “Студенттік көктем – 2018” байқауында елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қазылық етуімен жеңімпаздар анықталды. Байқаудың қорытынды гала-концертінде шынайы талантымен, дарынымен таңқалдырған қатысушылар жеңістерімен марапатталды. Сонымен,  байқауда «Ең үздік вокал және эстрада», «Ең үздік би», «Актерлік шеберлігі», «Ең үздік музыкалық аспаптарда ойнау» аталымдары бойынша орын алған факультет студенттері марапатқа ие болды.  Ал жүлделі үшінші орынды механика-математика және айтитехнологиялар факультеті, екінші орынды тарих және шығыстану факультеттері, бірінші орынды химия және химиялық технологиялар факультеті иеленді. Қызыққа толы байқаудың бас жүлдесін география және табиғатты пайдалану факультеті жеңіп алып, Ыстық көлге саяхатқа 15 адамға жолдаманы тақымдарына қысты. Бүгінгі жалындаған ҚазҰУ жастар үшін бұл сайыс жыл сайын дәстүрге айналған. Осы  байқаудың жеңімпазы атануы үшін 1 ай көлемінде үлкен дайындық өткізеді. Студенттердің көктемгі көңіл-күйінің шұғылалы болуы үшін мұндай сайыстар үлкен рөл ойнайды.

                                                                       Тоғжан Нарбай,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                                                                        Журналистика факультетінің

                                                                      4- курс студенті