Жаңалықтар

Бразилияда иттерге арналған "балабақша" жұмыс істейді

ашық дереккөзі

Бразилияда иттерге арналған "балабақша" жұмыс істейді

Бразилияда иттерге арналған балабақша бой көтерді. Bnews.kz-тің хабарлауынша, онда итке қажеттінің барлығы бар көрінеді.

Ата-ана жұмыс уақытысына дейін өз баласын балабақша тәрбиешілеріне табыстайтыны секілді, бразилиялықтар иттерін жетектеп апарып, балабақша қызметкерлерінің қарауына береді. Ондағы кәсіби тәрбиешілер иттің қалағанынын аузына тосып, қожайыны келгенше жақсылап күтіп-баптайды екен. Тіпті иттер ойнайтын арнайы алаң, сүйек пішіндес шомылатын бассейн, жүгіретін тренажер, көлемі 800 шаршы метр демалыс бөлмесі де қарастырылыпты. Үш мезгіл берілетін тамақтың құрамында ет пен жеміс-жидектен дайындалған тағам да бар. Жұмыс уақытында иттерін көргісі келген қожайындар балақшада арнайы орнатылған камералар арқылы серігінің немен айналысып жатқанын онлайн бақылай алады екен. Төртаяқтыларын осындай орында тәрбиелегісі келетін бразилиялықтар ай сайын 235 доллар (43 500 теңге) төлеуі тиіс. Қызмет ақысы қымбат болғанына қарамастан, қазір бұл балабақша 70-ке тарта итті өз бақылауына алған. Сан-Паулуда иттерге арналған балабақшаға сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Ақысын төлесе, балабақша тәрбиешілері иттердің жасына, тұқымына, тіпті ауру, сау екеніне қарамай күтім жасай береді. Мамандар бразилиялықтардың иттерге деген махаббатының сырын елдегі туу көрсеткішінің төмендігімен байланыстыралы. Соңғы 20 жыл ішінде Бразилияда халық саны 3 млн адамға кеміген. Әр отбасында орташа алғанда 1,81 баладан туылады, яғни өсім жоқ деуге болады.