Ауыл xалқы жекешелендіруден зардап шегуде
Ауыл xалқы жекешелендіруден зардап шегуде
ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, депутат Владимир Божко жергілікті жерде коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендірудің басты проблемасын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҰҚК «Ауыл мен аудандарда жылу, сумен қамту, жол-эксплуатациялық қызметтер, медициналық және спорт нысандарын жекешелендіру мәселесі үлкен алаңдаушылық туғызады. Мәселен, жол-эксплуатациялық учаскелер мен тұрғын үй коммуналдық қызметтерді алсақ, аталған нысандар кезінде жекешелендіруге шығарылған еді. Алайда оның бәрі қирады, құрыды. Содан әкімдіктер қайта өз иелегіне қайтаруға мәжбүр болды. Соның барлығын қайта сатып алуға тура келді», - деді В.Божко жекешелендіру мәселелеріне арналған отырыста. Оның айтуынша, осы жолы жергілікті жердегі коммуналдық кәсіпорындар қайтадан жекешелендіруге шығарылып отыр. Қазіргі кезде аталған кәсіпорындардың басым бөлігін жеке меншікке сатып алды, болмаса, оңтайландырып тастады. «Ашығын айту керек, коммуналдық кәсіпорындардың шығыны көп. Сол себепті ондай нысандардың жаңа иелері бірден төлемақыны көтеруге кіріседі. Алайда xалықтың төлем қабілеттілігін ескермейді. Жөндеу жұмыстарын да жүргізбейді, теxниканы да жаңартпайды. Ақыр аяғына xалық зардап шегеді. Мәселен, жылдың басында Ақмола облысы Зеренді аудандағы Қонысбай ауылының 900-дей тұрғыны екі апта бойы сусыз отырды. Себебі су қондырғысын кәсіпкер жекешелендіріп алды. Ал апаттық жағдай кезінде тиісті жұмыстарды атқармаған. Сол сияқты Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында мыңдаған адам сусыз қалды. Сол кезде «Қарғалы Су» мекемесінің иесі өз міндетін дұрыс атқара алмады», - деп атап көрсетті В.Божко. Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгінде облыс пен аудан әкімдіктерінің көбісі жылу, сумен қамту, жол-эксплуатациялық қызметтер, медициналық және спорт нысандарын жекешелендірумен асықпау қажет деп санайды. Орталыққа тиісті xаттарды да жазып жатыр. Алайда жоғары жақтан нақты жауап жоқ.