Футболшы доп соққысынан көз жұмды

Футболшы доп соққысынан көз жұмды

Футболшы доп соққысынан көз жұмды
ашық дереккөзі
Хорватия чемпионатында "Марсония" және "Славония" арасындағы матч кезінде футболшы Бруно Бобан доптың соққысынан көз жұмды. Бұл туралы HRT Sport-қа сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады. 
15-минуттта қатты келген доп Бобанның кеудесіне тиген. "Марсония" ойыншысы құлап түсіп, оның айналасына футболшылар жиналып қалған. Алғашқы көмекті клуб дәрігері көрсетті, кейін жедел жәрдем келген, дегенмен 25 жастағы жартылай қорғаушы есін жимаған. Трагедияның нақты себебі әзірге белгісіз. Ол үшін мәйітті сойып тексеру керек. Бобан "Загреб" командасында жүргенде көпке таныла бастаған, сондай-ақ "Славонияда" ойнады. Осы маусымда оң қапталдағы жартылай қорғаушы 12 гол соққан.