Жаңалықтар

Ресейде 220 метрлік мұнара құлады

ашық дереккөзі

Ресейде 220 метрлік мұнара құлады

 Екатеринбургтегі құрылысы аяқталмаған телемұнараға демонтаж жасалды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Мұнара траектория бойынша түзу құлаған. Құлаған жерде жарылыс қуатынан 50-70 метрге дейін шаң көтерілген. Телемұнараны сүрудің алдында бірнеше метро станциялары жабылып, бірнеше көшелер қоршауға алынды және соған жақын маңдағы үйлерде тұратын адамдар эвакуацияланды. «Құрылысы аяқталмаған телемұнараға қарапайым әдіспен демонтаж жасайды», - деп хабарлады аталған агенттікке демонтаж жүргізіп жатқан «РВС» компаниясының бас директоры Юрий Овчаров. «Барлығы штаттық режимде, жобаға сәйкес жүргізілді. Қоғамды толғандырған мәселе туралы айтар болсақ, сейсмика мүлдем болған жоқ. Мұнараның қалған 25-30 метрлік іргетасына штаттық режимде демонтаж жұмыстары жүргізіледі», - деді Овчаров.