Қытай америкалық тауарға баж салығын енгізуі мүмкін

Қытай америкалық тауарға баж салығын енгізуі мүмкін

Қытай америкалық тауарға баж салығын енгізуі мүмкін
ашық дереккөзі
Бейжің АҚШ-тың бірқатар қытайлық тауарға шектеу қоюына байланысты жауап ретінде америкалық тауарға баж салығын енгізуі мүмкін. Әзірге Қытай билігі Вашингтонды келіссөз арқылы сауда кикілжіңін шешуге шақырады. Жұма күні Қытай халық республикасының (ҚХР) сауда министрлігі америкалық шошқа етіне 25 пайыз, жеміс-жидекке, шарап және құрыш құбырларына 15 пайыз баж салығын енгізуді қарастырып жатырмыз деп мәлімдеді. Бұл Қытай бюджетіне 3 млрд доллар пайда әкелмек. Бұл жөнінде "Неміс толқыны" хабарлады. Бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық тауарларға шектеу енгізу және баж салығын енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Баж салығы енгізілетін тауарлар тізімі екі аптада жасалынуы тиіс. Ол сонымен бірге Құрама Штаттарға қытайлық инвестицияны шектейтін шараларды жасап шығаруды тапсырған. Американың жаңа жарлығы Қытайға 50 млрд доллар зиян әкеледі деп мәлімдеді Ақ үй. 9 наурызда Трамп импорттық құрыш және алюминийге баж салығын енгізген. Еуропалық одақ кері жауап беретінін айтқан. Бірақ АҚШ Брюссель мен бірқатар елдерді жаңа баж салығынан шығарып тастаған.