Елбасы Самарқанға барды

Елбасы Самарқанға барды

Елбасы Самарқанға барды
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Самарқан қаласында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуа­лын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауым­дастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді. Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екі­жақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, Самарқан қаласына жұмыс са­пары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеев­пен бірге «Хазірет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағ­зым етті. Сондай-ақ екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен бірге Самарқан қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.