Алматы әкімдігі 25 тонна наурыз көже пісірді

22 наурыз, 2018 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі 25 тонна наурыз көже пісірді Алматы әкімдігі мерекеге арнап 25 тонна наурызкөже пісірген. Наурыз мерекесін алматылықтар да кеңінен атап өтуде.  Биыл мұнда мерекелік іс-шаралар бір ай бойына атқарылады. Мәдени бағдарламалардың ауқымы кең. Жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарына арнап 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырып отыр. Алматыдағы мерекелік іс-шаралар сағат 11:00-де басталды. Бүгін күн райы да тамаша. Синоптиктердің болжауынша, түске таман күн 20 градусқа дейін жылиды.  Жалпы мейрам бір ай көлемінде өткенімен, негізгі мерекелік іс-шаралар 22-25 наурыз аралығында өтеді.