Жаңалықтар

Отандық фермерлер дайын өнімдерін қайда өткізеді?

ашық дереккөзі

Отандық фермерлер дайын өнімдерін қайда өткізеді?

Аймақтарда фермерлерге түрлі деңгейде қолдау көрсетілгенімен, дайын өнімін өткізетін орындардың тапшылығы білініп жатады. Осындай олқылықтың алдын алу үшін Еңбекшіқазақ ауданында "Агродүкен" ашылды. Бұл жерде жергілікті шаруаларөз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсына алады.  Жуырда жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға арналған екінші жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі аясында Шелек ауылының Агробизнес орталығы жанында «Агродүкеннің» салтанатты ашылуы өтті. Жәрмеңке Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорымен іске асырылатын «Шелек фермерлері» әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасының қолдауымен өтті. «Агродүкенді» ашу мақсаты – жергілікті фермелерге ең сапалы ауыл шаруашылық тауарларды ең оңтайлы бағамен, қысқа мерзім ішінде және ең ыңғайлы тәсілмен тікелей жеткізушілерден алу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.