Жаңалықтар

Отандық фермерлер дайын өнімдерін қайда өткізеді?

Аймақтарда фермерлерге түрлі деңгейде қолдау көрсетілгенімен, дайын өнімін өткізетін орындардың тапшылығы білініп жатады. Осындай олқылықтың алдын алу үшін Еңбекшіқазақ ауданында «Агродүкен» ашылды. Бұл жерде жергілікті шаруаларөз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсына алады. 

Жуырда жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға арналған екінші жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі аясында Шелек ауылының Агробизнес орталығы жанында «Агродүкеннің» салтанатты ашылуы өтті. Жәрмеңке Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорымен іске асырылатын «Шелек фермерлері» әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасының қолдауымен өтті. «Агродүкенді» ашу мақсаты – жергілікті фермелерге ең сапалы ауыл шаруашылық тауарларды ең оңтайлы бағамен, қысқа мерзім ішінде және ең ыңғайлы тәсілмен тікелей жеткізушілерден алу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.

3e7c332e ef7c 456e 89e9 5f5288707a23

«Біздің бағдарламамыз мемлекеттік емес сектордың, мемлекеттік аппараттың және бизнестің қоғаммен, қарапайым фермерлермен көп жылдар бойы жасаған ынтымақтастығының жемісі болып табылады. Біз осы өзара ынтымақтастық жасау мүмкіндігіне қуанып, фермерлерге шексіз мүмкіндіктерді ашатын әлеуметтік жобамызды іске асыруға көмектескен, біздің тұрақты серіктестеріміз болып табылатын Филип Моррис Қазақстан, Rijk Zwaan, Kagazy Recycling, «Арзан», Magnum, Metro супермаркеттер желісіне алғыс айтамыз!» – деп атап өтті «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» ҚҚ директоры Бақытгүл Елшібаева.

Жәрмеңкеге 100-ден астам фермер мен органикалық және минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, елімізде және шетелде жасап шығарылатын тұқымдарды, сондай-ақ, ауыл шаруашылық материалдардың құрамдас бөлшектерін жеткізетін 13 жеткізуші қатысты. Фермерлер байланыс деректерімен алмасып, тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды және өздеріне қажетті басқа да материалдарды сатып алуға зор мүмкіндік алды.

 

Back to top button