Жаңалықтар

«Қазгидромет» жазда күн райы қалай құбылатынын жариялады

ашық дереккөзі

«Қазгидромет» жазда күн райы қалай құбылатынын жариялады

«Қазгидромет» мамандары алдағы алты айға арналған ауа райы болжамын жариялады.  Көктем мезгілінде ауа-райы құбылмалы болады деген болжам бар. Сарапшылар алғашқы онкүндіктің соңында температура айтарлықтай төмендейді деп күтуде. «Еліміздің солтүстігінде, шығыста және республиканың орталығында ауа температурасы түнде 0-5, -5-15 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа темперасырасы  + 5 + 10-ға дейін жылы болады. Болжамына сәйкес, сәуір айындағы ауа-райы құбылмалы болады. Ауа температурасы бірінші және үшінші онкүндікте салқын болады деп күтіледі. Елдің оңтүстігінде ауа райы жылы болып, күннің екінші жартысында ауа температурасы  солтүстік бөлікте + 15 + 23 градус, оңтүстікте + 20 + 28 градусқа дейін көтеріледі» ,-деді ҚР энергетика министрлігі “Қазгидромет” РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмид. «Жаздың алғашқы екі айы салқын болып, жауын-шашын көп жауады деген болжам бар. Тек батыс пен оңтүстік өңірлерде ғана жаңбыр қалыпты жағдайдан аз жауады. Тамыз айында еліміздің басым аумағында ауа температурасы қалыпты болады. Ал республиканың батысында күн ыстық болып, сынап бағанасы 1..2 градусқа жоғарылайды. Жаздың үшінші айында жауын-шашын қалыпты жағдайдан аз жауады деп күтілуде. Тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын қалыпты жағдайда түседі деп болжанып отыр”,-дейді  Шмид.