7 жасар баланың ісі: Бас прокуратура тексеру шараларын бастады
7 жасар баланың ісі: Бас прокуратура тексеру шараларын бастады
«Бас прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, ІІД, білім басқармасының шара қолданбау, қылмысты жасыру, қызмет өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша тексеру шараларын бастады»,-деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. «Біз ел басшыларын істі Бас прокуратураға жолдағаны үшін алғыс айтамыз және тексеру жұмыстары толықтай қылмыстық-атқару заңнамасына сай, обьективті болады деп сенеміз»,-деп қосты Аружан Саин. Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.