Путин қайта сайланды
Путин қайта сайланды
Путин алдағы жоспары жайында және жаңа премьер жөнінде айтты. Ресей президенті Владимир Путин алдын ала сайлау қорытындысы бойынша (75 пайыздан жоғары дауыс алған) жеңіске жеткен, ол митингте жақтастарына алғыс білдірді және сайлауалды штабына барып, мүшелерімен кездескен.
Ол ел Конституциясына өзгеріс енгізу әзірге ойында жоқ екенін, жаңа премьердің кандидатурасын ойлай бастағанын айтті. Бірақ қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведев өз орнында қала ма, жоқ па жауап бермеді.
"Келесі президент сайлауына тағы қатысасыз ба?" деген сұрақты "күлкілі" деп атап, "Мен 100 жасқа дейін отырамын ба? Жоқ" деп жауап берген.
Путин митингте өзіне дауыс бергендерге алғысын жеткізді.
"Сіздер – ортақ командасыздар. Бүгін кім дауыс берді – біздің үлкен жалпыұлттық команда", – деді ол Мәскеудің Манеж алаңында "Ресей. Севастополь. Қырым" митингісінде сөйлеген сөзінде.
Путин елін бірлікке шақырып, алға қарай жылжуымыз керек деді.
"Біз конъюнктуралық түсінікпен басшылық етпейміз. Болашақ балаларымызды ойлаймыз. Ресей үшін бірге масштабты жұмысты қолға аламыз", – деді Путин.
Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша Путин президент сайлауында 75,01 пайыз дауыс алып, алда келеді. Екінші орында КПРФ атынан кандидат Павел Грудинин (13,38%).