Қазақстанның барлық аймағында дабылды ескерту жарияланды

18 наурыз, 2018 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қазақстанның барлық аймағында дабылды ескерту жарияланды "Қазгидромет" РМК еліміздің барлық өңіріне алдағы үш күнге дабылды ескерту жариялады. 
Синоптиктердің мәліметінше, 19 наурызда күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінді 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Астана қаласында 19 наурызда күндіз және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз және таңертең күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. 19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. 19-20 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. 19-21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі ауа температурасы біртіндеп жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты (көбіне жаңбыр), мұздықтар әлсіреп, су өзен алқаптарына шығып кетуі ықтимал, жергілікті және беткейлі ағын қалыптасып, су деңгейі көтеріледі деп болжануда.
19-21 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын салдарынан (көбіне жаңбыр), су деңгейі көтеріліп, жайылмалы жерлерге су шығып кетуі мүмкін. 19-21 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашыннан (кей жерлерде) су деңгейі көтеріледі деп болжануда.