Жаңалықтар

Үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалған қарағандылық табылды

ашық дереккөзі

Үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалған қарағандылық табылды

Осыдан үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер адам Алматы облысынан табылды. Бұл туралы  облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 2015 жылы Қарағанды полициясына қарт ана ұлының жоғалып кеткені туралы арыз берген. Із-түзсіз жоғалғандар тізіміне тіркелген қарағандылық осы уақыт бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жүріпті. "Ер адам полиция бөлімшелерінде пайдаланылатын, тұлғаның кім екенін анықтау жүйесінің арқасында табылды. Ол жеке куәлігін ауыстырмақ болған екен. Анықталғандай, туыстарымен ренжісіп үйден кетіп қалған жігіт үш жыл бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жұмыс істеп, күн көрген. Қазір Ақбастау ауылындағы таныстарының бірінің отбасында тұрады", — деп атап өтті ІІД. Ер адам үйіне қайтудан бас тартты, бірақ оның табылғандығы және жағдайының жақсы екендігі туралы жеделхат оның анасы мен Қарағанды полицясына жолданған.