Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды

Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды

Ұшақтан құлап кеткен стюардесса көз жұмды
ашық дереккөзі
Апаттық жағдайда шығатын есіктен құлаған Emirates ұшағының стюардессасы көз жұмды. 
Оқиға Уганданың Энтеббе қаласында Emirates — EK 730 рейсін ұшуға дайындау кезінде болған. "Ұшақ экипажының мүшесі Энтеббе халықаралық әуежайынан ұшар алдында апаттық шығу есігін ашып, ұшақтан секіріп кетті", — деп жазады Daily Monitor. Әйел адам алған жарақатынан көз жұмған. Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ куәгерлер әйелдің өз-өзіне қол салған болуы мүмкін екен айтады. Қаза тапқан стюардессаның қолында әйнек бөтелкеге ұқсас зат болған. "Тізесі жарақаттанған, денесінде тіліктер болды", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі. Компанияның ресми өкілдері, баспасөзге хабарлама дайындап жатқандарын әрі тергеумен өзара байланыста екендерін айтты.