«Тұмар»: «Үздік өңірлік телеарна» мәртебесі қай арнаға бұйырды?
«Тұмар»: «Үздік өңірлік телеарна» мәртебесі қай арнаға бұйырды?
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде «Үздік өңірлік телеарна» мәртебесі «Zhetisý» телеарнасына бұйырды.
Марапаттау салтанатында «Үздік ағартушылық бағдарлама» номинациясы бойынша - «Қазақ ТВ» арнасының «Сокровище наций» бағдарламасы жеңімпаз атанса, «Үздік өңірлік телеарна» номинациясы бойынша - «Zhetisý» арнасы өңірлердің арасында үздік деп танылды.
«Тұмар» әрбіріңіздің еншіңізге жазылсын. Мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - деді жеңімпазды марапаттаған сенатор Бірғаным Әйтімова.
«Тұмар» телевизиялық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылды. Бәйгеге қатысушылардың жоғары белсенділіктерін атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім). 2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес рәсімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады.