"Тәжікстан көршілерін ешқашан сусыз қалдырмайды"

"Тәжікстан көршілерін ешқашан сусыз қалдырмайды"

"Тәжікстан көршілерін ешқашан сусыз қалдырмайды"
ашық дереккөзі
Эмомали Рахмон: "Тәжікстан көршілерін ешқашан сусыз қалдырмайды". Астанада Орталық Азия мемлекет басшыларының алғашқы кеңесу басқосуы өтті. Жүздесу нәтижесінде тараптар дәл осындай форматта жыл сайын кездесуге келісіп, бірлескен мәлімдеме қабылданды. Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эмомали Рахмон аймақта су-энергетика ресурстарын ұқыпты пайдалану саласындағы әріптестік туралы сөз қозғады. Тәжік президентінің айтуынша, бұл - аймақ елдерінің әл-ауқаты мен тұрақты дамуының басты факторларының бірі. "Мен үлкен мінберлерде, БҰҰ-ның төрінде де, ел парламентінде жасаған жолдауымда да "Тәжікстан көршілерге суды пайдалануға қатысты қиындық туғызбаған, туғызбайды да" деп айтқанмын. Бүгін соны тағы да қайталаймын: Біз көршілерді ешқашан сусыз қалдырмаймыз", - деп мәлімдеді Тәжікстан басшысы. Эмомали Рахмонның айтуынша, тұрғызылып жатқан гидроэнергетикалық құрылымдар аймақтағы су мәселесін шешуде үлкен маңызға ие. Тәжікстан басшысы мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда байланысты арттыруды қалайды, деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.