Жаңалықтар

Юнус Эмренің кітабы қазақ тілінде жарық көрді

ашық дереккөзі

Юнус Эмренің кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Болашақққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі түркі әлемінің ірі ойшылы, сопылық поэзияның көрнекті өкілі Юнус Эмренің таңдамалы жырларын қазақ тіліне тұңғыш рет тәржімалап, оқырманға ұсынып отыр. Кітаптың алғысөзін "Рухани жаңғыруға бір үлес" деген тақырыппен Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ жазған. Сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұса ЙЫЛДЫЗдың "Алтын көпір", ABIS GROUP компаниясының басшысы Авиль Мұхаммадоғлы Абильдің "Қазақ оқырмандарына лебіз" кіріспесөзі, түрік жазушысы Мұстафа Өзчеликтің "Юнус Эмре - көркем мінез жыршысы" атты түйінсөзі берілген. Тұсаукесер рəсімге Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің дипломаты, жазушы-аудармашы Мəлік Отарбаев, түрік жазушысы Мұстафа Өзчелик жəне кітаптың демеушісі ABIS GROUP компаниясының басшысы Авиль Мұхаммадоғлы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұса ЙЫЛДЫЗ және зиялы қауым өкілдері қатысты. Өлеңдерді түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев. Әдеби өңдеген Дәулетбек Байтұрсынұлы. Редакциялаған Кәдірбек Құныпияұлы. Жыр жинақ "Ан Арыс" баспасынан жарық көрді. "Еліміз өзінің тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам даму кезеңіне абыроймен өтіп, халықаралық ареналарда талай­талай асқар асуларды бағындырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың талдап көрсет   кеніндей, адамзат баласы жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқан тұста Тәуелсіз Қазақстан Республикасы да рухани жаңғыруға берік негіз қалай бастағаны да белгілі. Өткен жылы Қазақстан мен Түркия  ның арасындағы дипломатиялық қарым­қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы жыл дар ішінде қос мемлекет арасындағы саяси­экономикалық, сондай­ақ әдеби­мәдени байланыстар сындарлы даму деңгейіне жетті. Бұл, әрине, екі ел басшыларының бауырластық, достық негізге құрылған стратегиялық келісімдердің  жемісі. Осынау бауырлас, тамырлас екі ел арасындағы дипломатиялық байланысымыздың ширек ғасырлық датасы елші  ліктер тарапынан саналуан саяси, әдеби­мәдени шаралар арқылы атап өтілді. Соның ішінде ғасырлар бойы тінін үзбей келе жатқан әдеби қарым­қатынастарымыздың да заман талабына сай жаңа деңгейге көтеріліп, көптеген игі жұмыстардың жүзеге асырылғанын айтып өткен жөн шығар. Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен қаншама қазақ қаламгерлерінің шығармалары түрік тіліне аударылып, түрік оқырмандарының да рухани игілігіне айналғаны біз үшін әрі мерей, әрі қуаныш. Абай, Мұқағали шығармаларынан бастау алған осынау әдеби үрдіс болашақта да жалғасады деген нық сенімдеміз. Жақында осындай игі шараның оңды жалғасы ретінде түркі әлеміндегі сопылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Юнус Эмре жыр лары елшілігіміз  дің қызметкері, аудармашы Мәлік Отарбаевтың жетекшілігім ен көне түрік тілінен қазақ тіліне тәржімаланды. Енді, міне, осы құнды жәдігер «Ан Арыс» баспасынан жарық көріп, қазақ оқырмандарының қолына тигелі отыр. Бір атап өтерлік жәйт, сопылық ілімінің көшбасшысы саналатын ұлы баба­мыз Қожа Ахмет Ясауидің жолын жалғасты­рушы рухани шәкірттерінің бірінен саналатын Юнус Эмре жырлары қазақ оқыр ман дары  на толыққанды тұрғыда тұңғыш рет жол тартпақ. Нағыз тақуалық өмір салтын ұстанып, рухани кәмілдікке ұмтылушыларды сопы  лар деп атай тынымыз белгілі. «Ислам энциклопе­диялық анықтамасында» сопыларға «Өзін өзі мейлінше шектеп, фәни қызығын, пенделік тіршілік қамын, жеке бас еркін тәрк етіп, бір ғана Аллаға жетуді мақсат етушілер» деп анық­ тама берілген. Осы орайда сопылық поэзиясы­ның нағыз шыңына жеткен ойшыл ақын Юнус Эмренің қазақ жұртына танылуы рухани өміріміздегі айрықша атап өтуге татитын үлкен  жаңа лық екені күмәнсіз", – Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ.