10 жыл: Бишімбаевтың әйелі сот үкіміне шағым түсірмек

10 жыл: Бишімбаевтың әйелі сот үкіміне шағым түсірмек

10 жыл: Бишімбаевтың әйелі сот үкіміне шағым түсірмек
ашық дереккөзі
Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен айыпты деп танылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлікті тәркілеумен 10 жылға сотталды. Сондай-ақ сот үкімімен мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Үкімнің әділ еместігін алға тартқан Қуандық Бишімбаевтың әйелі  Назым Бишімбаева шағым түсірмек.  "Біз үкіммен келіспейміз. Сот істің бүге-шүгесін анықтаған жоқ деп санаймыз. Судья тек жанама айғақтарды ғана келтіріп отырды. Ешқандай тікелей айғақ ұсынылмады. Сондықтан біз келіспейміз, шағым түсіреміз… Менің күйеуім мұндай жазаға лайық емес. Нұрлыбек те солай. Оны да ақтауы керек еді деп санаймын", — деді Бишімбаевтың әйелі үкім оқылғаннан кейін. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа жала жабылып отыр.
"Жақсыбаев менің күйеуіммен кездескен жалғыз адам. Қалғандары кездескен де, сөйлескен де жоқ. Үкімге тек Жақсыбаевтың (сотталғандардың бірі) айтқандары ғана негіз болып отыр. Біз өзіміздің контр-айғақтарымызды, куәгерлерімізді әкелдік. Менің жұбайымның кінәсіз екенін толығымен дәлелдедік деп ойлаймын. Ал Жақсыбаевтың өзіне – 2,6. Әрине, менің күйеуіме жала жауып отыр", — деді Назым Бишімбаева. Төрт баланың анасы күйеуінің ақталып шығатынына сенімді. Айта кетейік, істің басқа да фигуранттарына үкім шықты. Бишімбаевтың немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек 7 жылға сотталды.