Ересектердің дәрісін жеп қойған 4 бала уланып қалды

Уланған балалар үлкендердің жүйке жүйесін емдеуге арналған дәмі тәтті дәрілерді жеп қойған болуы мүмкін.  Балдырғандар Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауруханаға жеткізіліп, асқазандары тазаланды, деп хабардайды 24.kz.

Ағайынды екі отбасының балалары ата-анасы жұмысқа кеткенде ата-әжесінің үйінде қалады екен. «Жұмыстан келгенде, сағат 18:00-де балам аяқ-қолдары қозғалусыз жатыр. Содан кейін абысынымның қызы олардың дәрі ішкенін айтты. Балаларды дәрігерге алып бардым» – дейді, ауыл тұрғыны Мақпал Қожанова.

Әзірге балалардың денсаулығы жақсы. «Ем бойынша 7 күнге дейін жатады. Әрі қарай дәрі-дәрмекке байланысты асқынулар пайда болуы мүмкін. Бүйрек, бауырға зерттеу жүргіземіз. Егер де бәрі жақсы болса, онда науқастар үйлеріне шығарылады», – дейді  медициналық орталық директорының орынбасары Раушан Құсайынқызы.

Ерзат АСЫЛ

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button