ШҚО: 136 үй судан арылды

ШҚО: 136 үй судан арылды

ШҚО: 136 үй судан арылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында  136 үй судан арылған, бүгінде тек 6 үй ғана су астында тұр. Қазіргі таңда аулалар мен үйлерде, бау-бақша аумақтарында су қалмаған. Бұл туралы  облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.  Үйлерден 34000 мың текше метр су сорғытылды. Осылайша су алған үйлердің саны 140-тан асып отыр. Сонымен бірге 180 аула мен 110 саяжай нысаны зардап шеккен. «Аягөз ауданында 260 адам үйлеріне қайтып кірді. Төтенше жағдай қызметі мен Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары өзен арнасын бекітіп, кәріз құбырларын аршуда. Құтқарушылар тәуліктік режімде мониторинг жүргізіп отыр» - делінген баспасөз мәліметінде. Ал Өскеменде 15 адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Олардың ешбірі үйіне қайтпаған, туысқандарын паналауда. Қарғын судың жол бетіне шығуы бойынша 6 оқиға тіркелген. Жол қызметінің өкілдері су алған бөліктерге кезекшілік орнатты. Күршім-Маралды жолының 39 шақырымында, Омбы-Майқапшағай жолының 1321 шақырымында жолды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ұлан ауданындағы су алған Мамай батыр ауылының тұрғындары жолға жаяу қатынауда. Тасқын кезінде 50 бас жылқы, 125 ірі қара, 484 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалған. Апаттық құтқару жұмыстарына 708 адам, 204 техника, 27 су сорғыш құралы жұмылдырылды.