Мирзияев пен Рахмон "Амузанг-Хашади" жаңа темір жол бағытын ашты
Мирзияев пен Рахмон "Амузанг-Хашади" жаңа темір жол бағытын ашты
Мирзияев пен Рахмон "Амузанг – Хашади" жаңа темір жол бағытын ашты. Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон 9 наурызда "Амузанг – Хашади" жаңа темір жол бағытын салтанатты түрде ашты. Президенттер телекөпір арқылы Өзбекстаннан Тәжікстанға жаңа жолмен аттанған алғашқы пойызды бақылап тұрды.
Осы күнге дейін екі мемлекетті Кудукли және Бекабад станциялары арасында жол жалғастырып тұрған еді. Енді Амузанг станциясы да осы қызметті атқарады. Мұнда кеден және шекара қызметтеріне барлық жағдай жасалған.
Темір жол екі елдің мүддесі үшін қызмет етеді, транзит тасымалын дамытуға маңызды үлес қосады. Осы жол арқылы Түркіменстан мен Ауғанстанға шығу мүмкіндігі ашылады. Жолаушы тасымалын дамытуға жағдай жасалады. Болашақта жаңа бағыттар пайда болады.
Хабарларға қарағанда, жаңадан ашылған темір жол Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымының дамуына үлес қосады.
Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстік облыстарын жалғап жатқан «Амузанг – Галаба» бағыты 2011 жылы қарашада тоқтатылып, өзбек тарапы өзі жағындағы тозығы жеткен жолды алып тастаған еді.