Инсульт пен инфарктың алдын алатын препарат жасалды
Инсульт пен инфарктың алдын алатын препарат жасалды
Алирокумаб адамның өмір жасын да айтарлықтай ұзартады. Бұл дәрмек PCSK9 ингибиторлар классына жатады, ол иммунды жйенің бауырдағы өзгеше ақуыздарға шабуыл жасауына ықпал ететін моноклоналды антидене. Бұл дәрмекті екі жыл қабылдаған "жаман" холестерині жоғары адамдарда ерте қайтыс болу қаупі 29 пайызға азайған. Холестерин - майлы спирт, ол қан құрамында түрлі липопротеин түрінде болады. Тығыздығы төмен липопротеиндер тар қан тамырларын бітеп, жүрек қан-тамыры жүйесінің қызметін нашарлатады. Оның құрамындағы холестерин "нашар" деген атау алған. Ал тығыздығы жоғары липопротеиндер "жақсы" холестеринді тасымалдаушы болып келеді, ол атеросклероз, инсульт және жүрек талмасының қаупін төмендетуге септеседі.