Криштиану Роналду жайлы фильм қазан айында көрсетіледі

Криштиану Роналду жайлы фильм қазан айында көрсетіледі

Криштиану Роналду жайлы фильм қазан айында көрсетіледі
ашық дереккөзі

Мадридтің «Реал» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду туралы фильм 2015 жылдың қазан айында көрерменге жол тартады, деп хабарлайды 24.kz.

Роналду – футбол әлеміндегі ең үздік ойыншылардың бірі. «Манчестер Юнайтед» клубы сапында ойынайтын футболшы Англия чемпионатын – үш рет, Чемпиондар лигасын бір рет жеңіп алған. Ал «Реалмен» бірге португалиялық футболшы Испания біріншілігі мен Чемпиондар лигасында бір-бір реттен топ жарды. Бұған дейін Роналду Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) марапаттайтын «Алтын допқа» екі рет иелік етті. Сонымен қатар France Football басылымының нұсқасы бойынша да «Алтын доптың» иегері атанған болатын.

Бұл туынды танымал Universal Pictures кинокомпаниясы түседі делінген ақпаратта.