12 Наурыз 2018, 15:43 664 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Трамп Ким Чен Ын шақыруын қабыл ала ма?

КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісімге келіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ниетті. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап оңтүстіккореялық Donga Ilbo басылымы хабарлады. 

Дереккөздің сөздерінше, КХДР лидері оңтүстіккореялық делегациямен Пхеньянда кездесуді қалайды.

Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ президенті Солтүстік Корея лидерінің шақыртуын қабыл алады деп хабарлады. Алайда оның айтуынша, Пхеньян ядролық бағдарламасын тоқтатуға нақты шешім қабылдамайынша, Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейді.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пхеньян ұсынысын талқылап, "тым оптимист болуға әлі ерте" деді.

Трамп пен Ким Чен Ынның кездесу орны әлі белгіленген жоқ. Бірақ Ақ үй кез-келген ұсынысты қараймыз деп отыр. Оның ішінде АҚШ президентінің Пхеньянға сапары да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар