12 Наурыз 2018, 12:22 842 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

ШҚО-да 70 үйді су астында қалды

Төпелеп жауған нөсер Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайды ушықтырып жіберді.  Облыстық төтенше жағдайлар департементінің мәліметі бойынша Аягөз, Ұлан, Глубокое, Үржар аудандары мен Өскемен қалaсының біраз бөлігін су басты. Осының салдарынан аудан-қалаларда орта мектеп пен колледждерде сабақ тоқтатылды.

Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін 70 жеке үй мен 138 аулаға және 110 бау-бақшадағы үйлерді су алған.

Аймақта  бүгінге дейін 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ол үшін аймақтық төтенше жағдай қызметінің жеке құрамынан 1032 маман және 286 техника 60-қа жуық қайық пен 58 су соратын құрылғы пайдалынылды. Нәтижесінде екі тәулікте 13 мың текше метр су сорғызылды. Коммуналдық сала мамандарының айтуынша, жауын суынан ең көп зардап шеккен – Аягөз, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласы. Аягөз ауданында жергілікті шағын өзендер арнасынан асқан. Осының салдарынан 40 үйді су алған. Баспаналары су астында қалған отбасылар Аягөз қаласындағы мектепке орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы Аягөз ауданына облыстық төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан 20 маман 5 техника мен 3 жүзетін құрал жіберілді. Өскемен қаласында 20-дан астам үйді су алды. Арнайы су өткізетін арықтар толассыз жауған жауын суын өткізіп үлгермей, арнасынан асып кетті. Көшелерге жайылған судан тіпті қаладағы орталық көшелер де көлге айналды. Қоғамдық көліктер қатынуы да қиындады. Төтенше жағдайлар мен қалалық су арнасы мекемесіне тұрғындардан 200-ге жуық телефон қоңырауы түскен.

Облыстық ауа райын болжау орталығының мамандары алдағы тәуліктерде күн райы күрт суытатынын хабарлады. Келер аптаның басында қайтадан жылынуы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындарына сақ болуды ескертуде.

Соңғы жаңалықтар