Аягөздегі төтенше жағдай: 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Аягөздегі төтенше жағдай: 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Аягөздегі төтенше жағдай: 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді
ашық дереккөзі
Толассыз жауын-шашын аягөздіктерді әуреге салды.  «Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды»,  делінген  аудандық ішкі саясат бөлімі берген мәліметте. Әкімдік ақпараты бойынша қала ішінде  3 көпірді, 5 жаяу жүргінші өткелін қарғын су басып қалған.   Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 30-ы бала. «Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері  және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», - делінген ресми мәліметте.