10 Наурыз 2018, 21:24 660 0 Өнер Анар ЛЕПЕСОВА

Қытайлық білімгерлердің тест тапсырмаларына Димаш туралы сұрақ енді

Қытайдың оқу мекемелеріндегі ағылшын тілі бойынша тесттік тапсырмаларға Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді. Бұл туралы  әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 

Аталған тест сұрағын қытайлық блогер Си Хуай Шың (C-huaii槐笙) Вейбодағы жеке парақшасында жариялады.

Тапсырмада ағылшын тілінде танымал әнші Димашқа қатысты сұрақтар беріледі. Әншінің туған жері, балалық шағы, хоббиі, алғашқы жетістіктері оның ішінде «Славян базары» және «I am a singer» жобаларында қалай жетістікке жеткені айтылады.

«Оның дауысы әдемі, түр-сымбаты да келісті, сондықтан ол Қытайда үлкен танымалдыққа ие болды. Француз тілінде орындаған әнінен кейін Димаштың Weibo (Қытайдағы Фейсбуктің баламасы - авт.) желісіндегі оқырмандары 300 000 адамға жетті», - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.

 

Соңғы жаңалықтар