Бейсенбі, 29 Қыркүйек, 2022

Семіздік неге дендеп барады?

Адамдардың неліктен семіріп барады? Бұл сұраққа жауап іздеген солтүстікамерикалық ғалымдарың анықтауынша, адамдар уайым, мазасыздық салдарынан артық салмақ қосуы мүмкін. 

Семіздік неге дендеп барады?Солтүстік Америкадағы менопауза ұйымының мамандары (NAMS) зерттеу жүргізіп, адамдардың неліктен семіріп бара жатқанын анықтады. Зерттеуге қатысқан әйелдердің 60 пайызынан астамы бойында үрей, мазасыздық сезімі барына шағымданған. Дәл осындай шағым айтқан қатысушылардың дені орта жастағы толық әйелдер болып шықты. Мамандар бұл құбылысты адамдардың бойында нерв жасушаларын зақымданудан қорғайтын эстроген гармонының деңгейі төмендеуімен түсіндірді.

«Мидың қызметінде маңызды рөл атқаратын гормондардың өзгеруі мазасыздықтың дамуына, артық салмақ қосуға алып келеді. Сондай-ақ, денедегі майлардың таралуына ықпал етеді», – дейді мамандар.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button