Сенаторға әріптестерін құшақтауға тыйым салынды

Сенаторға әріптестерін құшақтауға тыйым салынды

Сенаторға әріптестерін құшақтауға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Заң шығару органында қызмет етіп жүрген әйелдердің тарапынан түскен шағымдарға байланысты сенатор Боб Херцбергке әріптестерін құшақтауға тыйым салынды, бұл шешімді АҚШ сенаты комитеті Калифорния штатының регламенті және әкімшілік мәселелеріне сүйене отырып қабылдады.
Херцбергтің "орынсыз құшақтасуы" туралы оның үш қазіргі және бұрынғы әріптесі шағым түсірген, деп жазады РИА Новости Los Angeles Times газетіне сілтеме жасап. Ішкі тергеу жүргізу барысында комитет анықтағандай, қызметкер әйелдердің басым көпшілігі сенатордың бұлай құшақтасуының еш сөкеттігі жоқ деп санайды екен. Бірақ оны жақтырмай, наразы болғандар да табылды. Әрі жергілікті сенат Херцбергке бұл әрекетінің "біраз күмән тудыратынын" ескертіпті. Соған байланысты комитет сенаторға сөгіс жариялап, бұл қылығына тыйым салған. Ал, Херцберг комитет шешімімен келісетінін мәлімдеп, "жәбірленушілерден" кешірім сұрады.