Мәулен Әшімбаев 103 жастағы ананы мерекесімен құттықтады
Мәулен Әшімбаев 103 жастағы ананы мерекесімен құттықтады
«Нұр Отан» партиясы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында партия Төрағасының тапсырмасы бойынша «Ел аналары» атты тың бастаманы қолға алды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семейде ғасыр жасаған 8 әже тұрады Қызылордадағы саяжай тұрғындарына сақтық шаралары туралы ескертілді Ақтөбеде арзан тауар аламын деп алданып қалғандар көп Осыған орай еліміздің әр өңіріндегі барша нұротандықтар ғасыр жасаған және жасы жүзден асқан ақ жаулықты әжелерді мерекемен құттықтауда. Жаңа акция аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жасы 103-ке келген Астана қаласының тұрғыны, еңбек және тыл ардагері Досполова Дана Құлмұхамедқызын құттықтады. Қарт ана үйіне арнайы барып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған нұротандықтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Дана әжей 1915 жылдың 12 қыркүйегінде Ақмола облысының Қорғалжын ауданына қарасты Жантеке ауылында туған. Жастайынан еңбекке араласқан асыл әжей ел тарихында ерекше маңызға ие Транссібір теміржолы магистралінің құрылысына да үлес қосқан. Аталған магистральді салу кезінде апамыз аспаз болып жұмыс істеген екен. Соғыс жылдарында да тылда еселі еңбек етіп, Ұлы Жеңіске үлес қосқан жандардың қатарында болды. Дана әжейді барша нұротандықтардың және Елбасы, партия Төрағасының атынан шын жүректен құттықтап, сый-сияпат тарту еткен Мәулен Әшімбаев осындай апаларымыздың өнегеге толы өмір жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі екенін айтты. «Мейірімділіктің нышанындай болған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні әдеміліктің, ізгіліктің және жылылықтың мерекесі. Соған орай «Нұр Отан» партиясы «Ел аналары» деген ауқымды шараны қолға алып отыр. Осы акция аясында партияның барлық филиалдары ғасыр жасаған және жасы жүзден асқан әжелерімізді үйлеріне арнайы барып құттықтауда», - дейді Мәулен Әшімбаев. Шын мәнінде әулетінің ғана емес, тұтас еліміздің алтын қазығы, береке-бірліктің ұйытқысы болып отырған осындай апа-әжелеріміздің өмірінен алар сабақ мол. Сондықтан нұротандықтар абыз аналарды жеке-дара құттықтап, ақ баталарын алуды өздерінің абыройлы міндеті деп санайды. «Ел басына күн туған қиын-қыстау шақта етігімен су кешіп, келешек ұрпақ үшін жанын беріп еңбек еткен аяулы жандарға құрмет көрсетуді өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептейміз. Өйткені біздің бүгінгі бақуатты өміріміздің бастауында еліміздің іргесі берік, бірлігі бекем болуына зор еңбек сіңірген осындай аналарымыз тұр», - деген Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы барлық ақ жаулықты әжелер мен аяулы аруларды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. Бүгінде Қазақстан бойынша жасы жүзге жеткен және асқан 415 әжей бар. Олардың басым бөлігі, яғни 80-і Оңтүстік Қазақстан облысында тұратынын атап өткен жөн. Айта кетейік, «Ел аналары» акциясы еліміздің барлық өңірінде өткізілуде. Соның аясында нұротандықтар облыс, аудан орталықтарымен қатар шалғайда орналасқан ауылдық жерлердегі апа-әжелерімізді де арнайы барып, мерекелерімен құттықтауда.