7 Наурыз 2018, 14:23 566 0 Сыртқы саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Назарбаев Путинге көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", – делінген жеделхатта.

Әуе апаты 6 наурызда кешке болған. Ан-26 қону жолағына 500 метрдей қалғанда жерге құлаған. 39 әскери қызметкер ажал құшты. Әуе апатының себебі, бастапқы деректер бойынша, техникалық ақау болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар