Жаңалықтар

Еуроодақ Қазақстандағы суды тиімді пайдалану жобаларын қаржыландырмақ

ашық дереккөзі

Еуроодақ Қазақстандағы суды тиімді пайдалану жобаларын қаржыландырмақ

Еуроодақ Қазақстандағы су сапасын арттыру және тиімді пайдалану жобасын қаржыландыруға ниетті. Халықаралық ұйым бұл жобаға  4 жылда  7 млн евродан астам қаржы бағыттамақшы.  Бұл қаражат  суды тиімді пайдалану және ауыз судың сапасын арттыруға бағытталған жобаларға грант ретінде берілетін болады. Алайда демеу қаржының нақты сомасы бекітілмеген.

Бұл туралы Астанада Еуроодақ пен БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстанның Жасыл экономикаға көшу моделін қолдау» жобасын іске асыруға арналған жиында сөз болды. «Қазақстанда су тапшы ресурстар тізімінде және де әрбір үйде су құбырының болуы оның сапасына кепілдік бермейді»,- дейді жиынға қатысушылар. «2050 жылға таман Қазақстан үшін су тапшылығы проблемасы өзекті болмақ.

Сондықтан осы уақытқа дейін бұл мәселені шешудің жолдары қарастырылуы керек. Мен өзім осы елде тұрып, күн сайын белгілі мөлшердегі суды қолданамын. Судың сапасына салғырт қарауға болмайды деген ойдамын», - ЕО Қазақстандағы өкілінің басшысыАурелия Бушез.