Бұдан былай елімізде ипотеканың жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайды

Бұдан былай елімізде ипотеканың жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайды

Бұдан былай елімізде ипотеканың жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайды
ашық дереккөзі
 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жария етті. Бағдарламадағы негізгі бастамалардың бірі қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.  «Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық  теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен  алу мүмкіндігіне ие болады.  Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының айтуынша,  өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш саналады. «Дегенмен бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін меншікті баспанасы  жоқ отбасы аз емес. Бұл тек қана әлеуметтік маңызы бар проблема. Оны шешу үшін барлық жағдай жасап, жалпы бұқара үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру қажет. Арзан ресурстар ұсыну тетіктері керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.