4 Наурыз 2018, 16:45 526 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Рейхердтің еншісінде - тағы бір қола

Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медальға қол жеткізді. 

Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6).

Ал жеңіс жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды – 21:14.

Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан жеңіліп қалды (16:19).

Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева ширек финалда тағы жапониялық Хирако Томитакоға есе жіберді – 15:20.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы могул сайысында қола жүлдегер атанған болатын, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар