Бекболат Тілеухан: Кинотеатрлар репертуарының жартысын ұлттық өнім құрауы керек

Бекболат Тілеухан: Кинотеатрлар репертуарының жартысын ұлттық өнім құрауы керек

Бекболат Тілеухан: Кинотеатрлар репертуарының жартысын ұлттық өнім құрауы керек
ашық дереккөзі
Кеше Алматы қаласында «Кинематография» заң жобасы талқыланды. Мәжіліс депутаттары отандық фильмдердің кинотеатрдағы үлесі елу пайызды құрау керек деген талап қойды. Кино саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері мен мәжіліс депутаттары бас қосқан жиында заңды қабылдау барысында қателіктерге бой алдырмау керектігі айтылды, деп хабарлайды КТК.  />Сондай-ақ, дөңгелек үстелде құжатта өріп жүрген қателер, тарихи фильмдерге бөлінетін қаражаттың аздығы, сырттан келген фильмдерге салық салу сынды мәселелер қызу талқыланды.

Осы мәселеге орай, бүгін Алматы қаласында бір топ мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен кино қазанында қайнап жүрген киногерлер бас қосты. Жиналғандар отандық киноөндірісті реттеуге, яки жетілдіруге мүмкіндік беретін тармақтарды жан-жақты қызу талқылады. Кино кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы болғандықтан заңның кемшін тұстарын майшаммен қарау қажет.

“Заңның бастысы сапалық түрдегі қабылдауы. Әр баптың деңгейлігін жоғарылау. Өзіміздің менталитемізге, саясатымызға қайшылық келмеу үшін оны дұрыс деңгейде қабылдауымыз керек. Себебі, ертең ол пайдаланысқа барғаннан кейін наразылық болмауы тиіс”, – дейді Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен.

Заңды дайындау барысында Ресей, Франция сияқты мемлекеттердің кинематография саласындағы тәжірибесі зерттелген. Осы орайда, дөңгелек үстелде сөз алған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан француздардың Голивуд фильмдеріне салық салу жүйесін заңға енгізу керектігін айтты.

“Біле берсеңіздер, қазір көрілімдегі ұлттық киноның үлес мөлшері төрт-ақ пайыз. Тоқсан алты пайыз сырттан келетін кинолар. Сол себепті, бүкіл репертуардың жартысын ұлттық өнімге беру керекпіз. Кем дегенде қырық пайызын алу керек. Олай болмаса, қазақ киносы қазір мүшкіл халде”, – дейді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Бірақ, құжаттың орысшадан қазақшаға аудармасы жазушы Дулат Исабековтың көңілінен шықпады. Жазушы-драматург заң жобасындағы қателерге қатысты тұшымды жауап ала алмай жүргенін жеткізді. Сондай-ақ, Дулат Исабековтың айтуынша, тарихи фильмдерге бөлінген қаражат жеткіліксіз.

“Тарифтік комиссия бағаны бекіткенде киноның құндылығын есептеп бекітетін болса жақсы болар еді. Әйтпесе, бір-екі сериалды фильмдер, сериалдарда қаланың ішінде түсірілетін фильммен салыстырғанда далада тарихи тақырыптарға түсірілетін ақшалары сәйкес келмейді. Ол дұрыс емес”, – дейді жазушы Дулат Исабеков.

Дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік бұл сала заңмен реттеліп, жүйленген. Осы тұста, «Кинематография туралы» заң да қабылданып қана қоймай, бүгінгі кино саласында кенжелеп тұрған мәселелерді реттеуі тиіс.
    </div>


    
        <section id=