Қарсыласы қазақстандық хоккейшінің тамағын конькимен осып жіберді

Қарсыласы қазақстандық хоккейшінің тамағын конькимен осып жіберді

Қарсыласы қазақстандық хоккейшінің тамағын конькимен осып жіберді
ашық дереккөзі
«Мамонты югры» командасымен өткен матчта «Снежные Барсы» клубының қақпашысы жарақаттанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, матч кеше, 2 наурызда Астанада өтті. Кездесу қорытындысы бойынша «Мамонты югры» клубы 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 55-минутында «Мамонты югры» клубының қорғаушысы Дмитрий Юшкевич абайсызда конькиімен қақпашы Прокофьевтің тамағын кесіп алды. Абырой болғанда, Прокофьев қатты жарақат алған жоқ, бірақ ол ойыннан шықты. Оның орнына Дмитрий Каратаев шықты. 16 жастағы Прокофьев биылғы маусымда Халықаралық Хоккей лигасына алғаш рет қатысып отыр. Қазақстандық осыған дейін 12 матч өткізіп, 40 шайбаны өткізіп алған.