Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі жарияланды
Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі жарияланды
Ақпан айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд тенгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ баспасөз қызметі.
«Жүйе іске қосылған былтырғы жылдың шілдесінен бастап сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын тұлғалар төлей бастаған болатын. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр» , -делінген баспасөз баянында.
Аталған қаражаттың 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.