2 Наурыз 2018, 15:45 716 0 Заң Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Энергетика вице-министрі ұсталды

ҚР Энергетика вице-министрі мен қылмысқа қатысы бар бірнеше шенеунік ұсталды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің лауазымды тұлғалары қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

«Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған», – делінген хабарламада.

Бұл іске Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлиннің қатысы бар.

Сәдібеков 3,6 млрд теңге сомасында жалған актілерге қол қойған. Сонымен қатар 2018 жылы көлдің тазарту жұмыстарына бөлінген 1,5 млрд теңгені жымқырған. Қазір аталған шенеуніктерге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар