ҚР Ауыр атлетика федерациясын кім басқарады?

ҚР Ауыр атлетика федерациясын кім басқарады?

ҚР Ауыр атлетика федерациясын кім басқарады?
ашық дереккөзі
Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды. Астанадағы федерация сайлау конференциясының қатысушылары Жанат Түсіпбековтың қайта сайлануын бірауыздан қолдады. ҚР ААФ президенті Жанат Түсіпбеков атап өткендей, ол антидпингтік саясатты күшейту жұмыстарын жалғастырады және спортшыларды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ,  жергілікті ауыр атлетика федерацияларын дамытып, инвестиция тартпақ.  «Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті, бас хатшы, бес құрлықтық федерация президенттері бір іс-шарада бас қосуы өте сирек жағдай. Бұл -еліміздегі ауыр атлетика  спорты саласындағы Жанат Түсіпбековтің орнының қандай екенін білдіреді», - деді ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин.